Ахметов Алтынбек фотоАлматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы

АЛТЫНБЕК ЖАҢАТҰЛЫ АХМЕТОВ

Алтынбек Жанатұлы Ахметов 1984 жылы туылған, қазақ. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін тәмамдаған. Еңбек қызметін 2005 жылдың ақпан айында «Астана-горархитектура» ЖШС-ында техник-геодезист болып бастаған. 2006 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейін «АстанақалжерҒӨО» ЕМК-да техник болған. 2006 жылдың қазан айынан 2007 жылдың маусым айына дейін Астана қаласы Жер қатынастары басқармасында штаттан тыс қызметші-тіркеуші болып жұмыс істеген.      2007 жылдың маусымынан тамыз айы аралығында Астана қаласы              Жер қатынастары басқармасында бас маманның міндетін атқарған.             2007 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы. 2011 жылдың мамырынан 2013 жылдың ақпанына дейін Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының Жер кадастры бөлімінің басшысы. 2013 жылдың ақпанынан 2015 жылдың маусым айына дейін Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болған. 2016 жылдың сәуір айынан маусым айы аралығында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы. 2016 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы болып жұмыс істейді.

Алтынбек Жанатұлы Ахметов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.