2017 жылғы І жартыжылдықтағы Алматы қаласы Жер қатынастарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама

 «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ-ның (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 (бұдан әрі – № 12 Бұйрық) бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Ішкі талдауды жүргізу негізі – Басқарманың 2017 жылғы 11 шілдедегі № 58 н/қ бұйрығы болып табылады. Бұл бұйрықта талдауды жүргізуге жауапты тұлға ретінде – нормативтік және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы Г.С. Жолдасбаева белгіленген.

№ 12 Бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылған:

1) Басқарма қызметіне қатысты құқықтық актілерінде және нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2017 жылғы 11-14 шілде аралығында жүзеге асырылған. Басқарма қызметінің 2017 жылғы бірінші жартыжылдығы талданатын кезең болып табылған.

Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі – Басқарма, қала аумағында жер қатынастары саласында жетекшілік ететін мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Жер және Бюджет кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижелерінің, БАҚ-тағы басылымның, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және де Қазақстан Республикасы заңнамасы беруге рұқсат ететін басқа да мәліметтердің негізінде жүргізілген.

Талдаудың бағыты – бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес, Басқарма функциялары іске асырылатын түрде болып, жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарымен ескерілген мақсат пен міндеттерге жетуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, рұқсат беруші құжаттарды (лицензиялау, тіркеу, сертификаттауды қоса) беруді орындауға бағытталған.

 

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 4/1008 қаулысымен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілген.

Ереженің 15 тармағы 6) және 18) тармақшаларына сәйкес, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру мен арналу мақсатында пайдаланбайтын жерлерді анықтау Басқарма функциялары болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 64-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау және беру функциясы республикалық мемлекеттік мекемелерге, яғни «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на жатқызылған.

Сол уақытта, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйегіндегі № 239-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, мақсатында пайдаланбайтын жерлерді анықтау функциясы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған.

Қазіргі уақытта, Басқарманың заң бөлімімен Алматы қаласы әкімдігі «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту жөнінде»  Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 4/1008 қаулысына өзгертулерді мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулысының жобасы дайындалып, Алматы қаласы әкімдігінде келісу сатысында орналасқан.

Тәуекелдер: Басқармаға қатысты емес функцияларды орындау.  

Тұжырымдар: Алматы қаласы әкімдігі «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту жөнінде»  Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 4/1008 қаулысына өзгертулерді мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулысының жобасымен аса қысқа мерзімде келісу.

Бөлімшенің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау талдау бағыты бойынша келесі мәселелер зерттелді:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қайшылығын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру;

5) бақылау функцияларын жүзеге асыру.

 

  1. Персоналды басқару

Басқарманың штат саны 34 бірлігін құрайды, 2017 жылдың 1 шілдесі бойынша нақты сан – 33 бірлік. Ауыспалылық 5 %. Екінші жартыжылдықта, басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркінімен 2 қызметкер жұмыстан босатылған.

Бірінші жартыжылдықтың ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың 11 конкурстық рәсімдері өткізілген. Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Конкурс нәтижелері бойынша бос қызмет орындарына 8 қызметкер қабылданды.

Жұмысқа қабылданған тұлғалардың үлестестігі туралы фактілер анықталмаған.

Және де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын жасау үшін жауапкершілікке тартылудың фактілері анықталмаған.

 

  1. Мүдделер қайшылығын реттеу

Мүдделер қайшылығы фактілері анықталмаған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Жер учаскелеріне рұқсат беруші құқықтарының беруін оңтайландыру мақсатында, жер қатынастары саласындағы барлық қызмет түрлері, мемлекеттік органдарының халыққа көрсететін жалпы мемлекеттік қызметтер Тізіміне қосылған.

2017 жылдың есептік кезеңінде 12 183 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде:

 

Мемлекеттік қызметтің аты 2017 жылдың I жартыжылдығында қызмет көрсетілген
1. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту 675
2. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 7600
3. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 540
4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін

пайдалануға рұқсат беру

9
5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 3359

 

6. Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) орналасқан мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 0
7. Жол сервисі объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау 0
Жалпы 12183

 

Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру

Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

 

Бақылау функцияларын жүзеге асыру

Басқармада бақылау функциялары жоқ.

 

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында, Бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарына мониторинг жүргізілген.

Зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталмаған.

 

Нормативтік және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы

 

                                        

                                         Г. Жолдасбаева

 

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы

                                          

 

А. Ахметов

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, талдау қорытындысы бойынша Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.