Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының

2018 жылдың 12 айындағы жұмысы

 

Қала аумағы 68,3 мың гектарды құрайды және 4 аймаққа бөлінген, атап айтқанда:

  • тұрғын үй аймағының жерлері – 10,23 мың га, немесе 14,96 %;
  • әлеуметтік аймақтар жерлері – 3,6 мың га, немесе 5,26 %;
  • коммерциялық аймақтар жерлері – 7, 78 мың га, немесе 11,39 %;
  • өзге де аймақтардың жерлері – 46,75 мың га, немесе 68,39 %,

оған – ауыл шаруашылығы мақсатындағы – 10,6 га немес 14,5 %;

– ерекше қорғалатын табиғи аймақтар – 21,5 мың немесе 31,5 %;

– су объектілерінің – 0,6 мың га, немесе 0,9 %;

  • босалқы жерлер – 1,0 мың га немесе 1,5 %;
  • ортақ пайдаланудағы жерлер және көлікке арналған – 12,3 мың га, немесе 18,1 % жерлер жатады.

Басқармадағы құжат айналымы туралы

          2018 жылдың 12 айында басқарманың жалпы құжат айналымы 21015 құжатты құрады, оның ішінде:

  • 11992 жеке тұлғалардың өтініші;
  • 2322 заңды тұлғалардан түскен өтініштер;
  • 6248 қызметтік хат-хабарлар және 453 құжатты өзге де кіріс хаттар құрайды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Жер қатынастары басқармасы 12 қызмет түрін көрсетеді.

7 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет стандарттары қабылданған, қалған 5 мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінде пысықталып жатыр.

2018 жылы 15818 қызмет көрсетілген:

нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту бойынша – 1117, 2017 жылы – 1142;

жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жұмыстарын бекіту бойынша – 8813, 2017 жылы  – 12922;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша – 1341, 2017 жылы – 1201;

– мемлекет меншігіндегі сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) қажет етпейтін жер учаскелеріне құқық беру – 3726, 2017 жылы – 4957;

– іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру бойынша – 1, 2017 жылы – 9;

жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау бойынша- 820, 2017 жылы – 47;

2018 жылы көрсетілген қызметтердің ішінде электронды түрде 273 қызмет көрсетілген, оның ішінде 3 қызмет бойынша:

  • жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жұмыстарын бекіту – 222;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – 50;
  • іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру – 1.

Қызметті электронды түрде көрсету үлесі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 есеге ұлғайған, 2017 жылдың 12 айында 35 электронды қызмет көрсетілген.

Негізінен құжаттар «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – ХҚО арқылы  қабылданады, 2018 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген қызметтердің 10824-і, яғни 68,4 % Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

Салыстыру үшін: 2017 жылы жалпы көрсетілген қызметтердің санынан мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 59,7 % құраған.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 13 қыркүйектегі мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес Басқарма көрсететін қызметтер тізілімі 5 мемлекеттік қызметке толықты, атап айтқанда:

  1. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
  2. Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеумен сату;
  3. Жер учаскесіне сатып алу-сату шартын жасау;
  4. Жер учаскесін жалға беру шартын жасау;
  5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

Сондай-ақ қызметтер тізілімінен «мемлекет меншігіндегі сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) қажет етпейтін жер учаскелеріне құқық беру»  қызметі алынып тасталды.

Басқарма жұмысының ашықтығын және принципін сақтау, құжаттарды беруді ұйымдастыруда, жеке және зады тұлғалардан өтініштер қабылдауда барьерсіз қызмет көрсету тәсілін енгізу, кезекке тұруды болдырмау, сондай-ақ электронды үкімет бұрышының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айынан бері электронды кезек ұйымдастырумен өтініштерді қабылдау аймағы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Басқарма ғимаратында қызмет алушылардың «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету бұрышыда ұйымдастырылған, ондахалық өз бетінше электронды мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар.

Жер қатынастарын реттеу жұмыстары туралы

 2018 жылы 43 Жер комиссиясының отырысы өткізілді, онда 8074 өтініш қаралды, оның ішінде 5858 өтініш бойынша оң шешім қабылданса 2018 жылдың 12 айында Алматы қаласы әкімдігінің 2888 қаулысы қабылданған, оның ішінде:

– жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы – 2039 тұлғаға қатысты 140 қаулы қабылданған, олар бойынша қаулылардан үзінді дайындалды және белгіленген мерзімде өтініш иелеріне хабарламалар жолданды;

– бұрын қабылданған қаулылардың күшін жою туралы – 42 қаулы;

– жер пайдалану құқығын тоқтату туралы 30 қаулы, оның ішінде 1 қаулының қосымшасында 63 мекенжай бар;

– жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы – 1521 қаулы, оның ішінде 8 қаулының қосымшасында 291 мекенжай көрсетілген;

– жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы – 246 қаулы, оның ішінде 14 қаулының қосымшасында 250 мекенжай көрсетілген;

  • қаулыларға өзгеріс енгізу туралы – 32 қаулы.

2018 жылы қала бюджетінің түсімі 5 млрд.192 мын теңгені құрады, оның ішінде:

2018 жылы бюджеттің кіріс бөлігі жер учаскелерінің жалдау құқығын сатудан ұлғайды. Өйткені,  есепті жылы бюджет классификациясының аталған коды бойынша  түсімдер өткен жылға қарағанда 2,7 есеге ұлғайып, 338 млн. астам теңгені құрады.

Аталған төлем бойынша түсімдердің ұлғаюы Басқарма өткізген аукциондарға қатысты болып отыр.

Барлығы 5  аукцион өткізілді, жалпы сомасы 518 464 839 теңгені құрайтын әр түрлі мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған     20 жер учаскесіне 3 жыл мерзімге жалға алу құқықтары сатылды.

 Алматы қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында көлік инфрақұрылымының (жолдар, жолайырықтар), әлеуметтік объектілер (мектептер, мұражайлар) және энергетика объектілері (қосалқы станциялар) құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылы мемлекет мұқтажы үшін барлығы 132 жер учаскесі 4,7 млрд. теңгеге алып қойылды. Мәлімет үшін 2017 жылы 221 жер учаскесі 12,0 млрд. теңгеге сатып алынған.

Н. Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін ұзартып салу жобасын іске асыру мақсатында:

– Хмельницкий көшесін ұзартып салу;

– «Каскад» қосалқы станциясының құрылысы;

– Жандосов көшесінен Саин көшесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жерлерді сатып алу толық аяқталды.

Келесі объектілердің құрылысы үшін алып қою жұмыстары басталды және жалғастырылуда:

1) көлік жолайырықтарының және эстакадалардың (Рысқұлов даңғылы және Емцов көшесі, Рысқұлов даңғылы және Құлжа тас жолы, Сейфуллин даңғылы және Жансүгіров көшесі, Құлжа тас жолы және Бұқтырма көшесі, Құлжа тас жолындағы бұрылу эстакадасы) құрылысы үшін;

2) көшелерді ұзартып салу және кеңейту (Абай даңғылын қала шекарасына дейін, БРТ және ЛРТ желісі үшін, Жандосов көшесі, Алматы – Бішкек автоомбиль жолы) үшін;

3) Достық және Қалқаман метро станциялары;

4) білім беру, әлеуметтік және өзге де мақсаттағы объектілер (Райымбек батыр мұражайы, «Дархан» және «Мәдениет» шағынаудандарындағы мектеп құрылысы) үшін;

5) энергетика объектілері («Алмагүл», «Тұздыбастау» және Кирпичный шағынаудандарындағы қосалқы станциялар, «Теректі» шағынауданындағы кәріз сорғы станциясының құрылысы) үшін.

Қаланың 8 ауданының аумағының жерлерін түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алынған картографиялық материалдардың, жер пайдаланушылар тізілімінің  және өзге де атрибутивті ақпараттардың негізінде, қолданыстағы Алматы қаласының геоақпараттық жүйесінің құрамында «Жер қатынастары» қосалқы жүйесі жасалды және жұмыс істеп тұр, ол Алматы қаласы аумағының электронды картасына жер учаскелері бойынша ақпараттарды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Мұнда жер учаскелерінің шекаралары, кадастрлық нөмірлері, жер пайдаланушылардың тіркелген құқықтары, нысаналы мақсаты, бағамдық аймақтары және т.б. ақпараттар қамтылған.

Өткен кезеңде Басқарманың қатысуымен қала соттарында үшінші тұлға атынан жауапкер ретінде жеке заңды тұлғалардың арасындағы даулар, мемлекеттік органдың әрекетін (әрекетсіздігі) даулау, мұраға қалдыру, мүлік және т.б. мәселелер бойынша 459 азаматтық іс қаралған.

Сонымен қатар тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың жосықсыз деп тану және тұрақсыздық айыбын төлету туралы, сатып алу-сату шарттарын бұзу және тұрақсыздық айыбын талап ету, сондай-ақ жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2018 жылы 29 талап арыз берілген, оның ішінде Басқарманың 24 талап арызы қанағаттандырылған, 2  талап арыз бойынша бас тартылса, 1 талап арыз қараусыз қалдырылған және 2 талап арыз қаралып жатыр.

Жер учаскелерінің кадастрлық құнын дер кезінде төлемегендігі және жинақталған тұрақсыздық айыбы үшін жүргізілген талап ету жұмыстарының нәтижесінде мемлекет пайдасына 745 204 711 теңге төленді. Бұдан басқа, заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жер заңнамасын бұзғаны үшін мемлекетке жалпы аумағы 6,4126 га жер учаскесі қайтарылды.

Сонымен бірге, «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы» акционерлік қоғамымен болған дауды сотсыз реттеу жұмыстарының нәтижесінде коммуналдық меншікке жалпы аумағы 8,5 га жер учаскесі берілді.

Алматы қаласының аумағында жер н саласында 2019 жылы келесі бағаттағы жұмыстар жалғастырылатын болады:

– жерлерді сатудан, жер учаскелерінің жалға алу құқығын сату және жалдау төлемін төлеуден бюджетке түсетін қаржы түсімін қамтамасыз ету;

– қаланың бақылау, салық және тіркеу органдарымен өз ара іс қимыл жұмыстарын жалғастыру;

– халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату;

– жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерінде мемлекет мүддесін қорғау;

– жер комиссиясының жұмысын үздіксіз қамтамсыз ету;

– жер мәселелері бойынша сот органдарында қала әкімдігінің мүдделерін қорғау;

– орталық уәкілетті органға қаланың жер балансы дайындау және өткізу;

– жер реформасы бойынша ағымдағы заң жобалық жұмыстарға тікелей қатысу және қарау;

– мемлекет мұқтажы үшін жерлерді алып қоюға қатысты ағымдағы жұмыстарды сапалы және дер кезінде орындау.

______________________________________________