VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықтың базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі “Құқықтық актілер туралы” Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықтың базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №110383 болып тіркелген, 2017 жылы 18 наурызда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндасын:

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының                        1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының                                мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»

  1. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің Алматы қаласының әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                                                                   

Алматы қаласы мәслихатының «VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықтың базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Осы Алматы қаласы мәслихатының «VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықтың базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің 2017 жылғы                              25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ қабылдауына байланысты дайындалды.

Аталған жобасында өзгерістер, негізгі шешім кабылдауға негіз болып табылатын, тек кіріспесінде, енгізіледі.

 

 

Алматы қаласы Жер қатынастары

басқармасының басшысы                                                                   А. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 Границы ценового зонирования v15r0001202.23-07-2015.kaz

Базовая ставка платы 6200v15r0001197.23-07-2015.kaz