Басқарма туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

                                                                                    2019 жылғы 4 ақпандағы

№ 1/79 қаулысымен бекітілді

 

 

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
    сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90.

 

  1. Басқарманың толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление земельных отношений города Алматы».

  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

        

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, қаланың қарқынды және перспективті дамуы үшін жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық өсімін, экологиялық қауіпсіздігін және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

15.«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) барлық жерге қатысты ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ цифрлық технологиялар негізінде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің айқындылығы мен сапасын арттыру;

2) жерді тиімді пайдалану және жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін геоақпараттық жүйелер мен деректер базаларын дамыту;

3) жалдау ақысын және де заңмен көзделген өзге де төлемдерді жинау үшін жер есебін жүргізуді қамтамасыз ету;

4) барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, қаланы перспиктивті дамыту мақсатында жерлерді  мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

5) қала аумақтарын оңтайлы бағалық аймақтарға бөлу және жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын қалыптастыру;

6) мемлекеттік қордағы жерлерді сату кезінде барынша пайда алуды қамтамасыз ету;

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген:

1) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік талаптары үшін жерді беру және алу туралы шешімдерінің жобаларын дайындау;

2) қызметтің тиімділігін, сондай-ақ сапасын, айқындылығын, жеделдігін және орындаушылығын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;

3) алушылардың қанағаттану деңгейі нарттыру үшін ашықтық және есеп беру қағидаттарында мемлекетік қызмет көрсету;

4) аудио және бейне жазбаны қолдану арқылы жер комиссиясының онлайн көрестілімін ұйымдастыру;

5) «Жер қатынастары» кіші жүйесінде мәліметтерді (жерлердің шекаралары, меншік иелері,нысаналы мақсаттары және т.б.) өзектендіру және жаңарту;

6) уақытша жер пайдалануды есепке алуды цифрландыру;

7) жер учаскелерінің нысаналы мақсатының өзгергендігі үшін бюджетке уақтылы төлем жасауды бақылау;

8) бөлінген бюджеттік қаражаттың сапалы және уақтылы игерілуі;

9) алынатын мүліктің нарықтық құнын анықтау үшін тәуелсіз бағалау компанияларын тарту, мемлекет мұқтажы үшін жерді алу мәселесі бойынша халық арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

10) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

11) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

12) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

13) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

14) Алматы қаласы жерлерінің балансын жасау;

15) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын әзірлеу;

16) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне төлқұжаттар беру;

17) жер учаскесінің сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау;

18) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

19) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

20) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

21) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

22) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

23) Алматы қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын, жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды жасауды ұйымдастыру;

24) жердің сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді, сауда-саттықта сатуға жоспарланған жер учаскелері бойынша ашықтықты және қолжетімділікті ұйымдастыру;

25) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

26) жер учаскелері меншік иелері (жерді мемлекеттік қордың иелігінен шығару кезінде) және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

27) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

28) бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк қажеттіліктерi үшін жер учаскелерiн беру және алып қою туралы ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу;

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Алматы қаласының жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстарды енгізу;

2) жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және орталық уәкілетті органдар әзірлеген заңнамалық және де басқа нормативтік актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша  мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші ретінде қатысу;

4) жер құқықтық қатынастары мәселелері бойынша сот органдарында мемлекеттің (қаланың) мүдделерін білдіру және қорғау.

5) жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан ақпаратты сұрау және алу;

6) жер қатынастары мәселелері бойынша орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

7) қаланың тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық, техникалық және басқа да кеңестер құру, жер қатынастары мәселелері бойынша жұмыс топтарын құру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңнамамен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғау;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне   жүктелген мiндеттер мен  оның функцияларының орындалуы үшін дербес жауап беретін басшы жүзеге асырады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан  Республикасының заңнамасына

сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді;

  • сенімхаттар береді;

4) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы бағытталған шаралар қабылдайды;

5) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7) Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіпте                                                                          «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар  қолданады;

  • өз өкілеттіктерінің шеңберінде бұйрықтар шығарады;

9) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, оның бөлімдері туралы ережелерді және «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

10) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін білдіреді;

11) әкімнің және мәслихаттың шешімдерінің, әкімдіктің қаулыларының жобаларын келіседі және оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңмүлкі

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда)  және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым    салынбаған

өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған басқа да тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының құрылымы

№ т/б А.Ж.Ф. Лауазымы Жұмыс телефоны Қабылдау күндері және сағаттары (егер болса)
1  Ардақ Мәуленұлы Самамбетов Басқарма басшысы  

229-21-72

 

 

Сейсенбі

сағ. 10.00-ден

11.00-ге дейін

2 Нұрлан Тәңіртайұлы Құлболдинов Басқарма басшының орынбасары 229-21-72 Дүйсенбі

сағ 15.00-ден

16.00-ге дейін

3 Басқарма басшысының орынбасары 229-21-72
4   Қуаныш Асылханов Қайратұлы Басқарма басшының орынбасары 229-21-72 Жұма

сағ 10.00-ден

11.00-ге дейін

5 Турсбеков Тимур Талгатұлы Өндірістік бөлімінің басшысы 229-21-73
6 Зиналиев Әбу-Дастан Арапұлы Жеке тұрғын үй құрылысы бөлімінің басшысы 229-21-82

 

Жерлерді алып қою және резервке қалдыру бөлімінің басшысы 229-21-81
8 Тоғжан Серікқызы Әбдіғалиева Құжаттық қамсыздандыру бөлімінің басшысы 229-21-51
9 Владимир Георгиевич Яковлев Жерге орналастыру бөлімінің басшысы 229-21-87
10 Гульмира Джаныталаповна Манаева Жалгерлік қатынастары және аукцион бөлімінің басшысы 229-21-75
11 Дина Естебекова Қаржы жұмысы бөлімінің басшысы 229-21-88
12 Турлыгожаева Макпал Ерболатовна Мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы 229-21-55
13 Сауле Қанатқызы Ибраимова Жер комиссиясының материалдарын дайындау және оның шешімдерін орындау бөлімінің басшысы 229-21-66

 

Яндекс.Метрика