Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Жер қатынастары басқармасы 13 қызмет түрін көрсетеді.

2019 жылғы 6 айда 8818 қызмет көрсетілген, бұл 2018 жылдың 6 айынан 10,4 % артық (2018 жылдың осы кезеңінде – 7597 қызмет), оның ішінде:

– Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 701;

– Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 4008;

– Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 690;

– Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2244;

– Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 522;

2019 жылғы 6 айда көрсетілген қызметтердің жалпы санының электронды түрде 437 қызмет көрсетілген, оның ішінде 414 – жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жұмыстарын бекіту, 23  – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;

Қызметті электронды түрде көрсету үлесі 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайған, 2018 жылдың 6 айында 3-235.

Негізінен құжаттар «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – ХҚО арқылы  қабылданады, 2019 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген қызметтердің 5327-і, яғни 63,3 % Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылдың 1 жарты жылдығында 7597 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

Мемлекеттік қызметтің атауы 2017 жылдың  1-жарты жылдығы 2018 жылдың            1-жарты жылдығы
1. Мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құның бекіту 675 530
2. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 7600 4020
3. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 540 702
4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру 9 0
5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 3359 1955
6. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу 0 1
7. Жол бойындағы сервис нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерін табыстауы туралы шешім қабылдау 0 0
8. Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және бекіту 0 0
9. Жер учаскелерінің бөлінуін немесе бөлінбеуін анықтау 0 389
Барлығы 12 183 7596

 

 

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша.

Басқарма 2017 жылдың 1-жартыжылдығы ішінде 12 183 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:

  1. Мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құның бекіту – 675;
  2. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 7600, электронды түрде – 6;
  3. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 540, электронды түрде – 16;
  4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 9;
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 3359.
  6. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу – 0.
  7. Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстауы туралы шешім қабылдау – 0.

2017 жылдың ақпанында «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметінің көрсету мерзімінің бір бұзылуы жіберілген.

 

 

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жайлы

Мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша, Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы 2016 жылда халыққа 23229 мемлекеттік қызмет көрсеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есе немесе 66%-ғакөп (2015 жылда 14811 қызмет көрсетілген).

Сондай-ақ:

— Жерге орналастыру жобаларын қабылдау бойынша 16 879 қызмет, 2015 жылда — 11 840;

— Учаскелердің кадастрлық бағаларын қабылдау бойынша 1228 қызмет, 2015 жылда — 1027;

— Учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша, 1488 қызмет, 2015 жылда 1944;

— Мемлекеттік меншігі болып табылатын сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) орналасқан жер учаскелердің иелену бойынша 57 қызмет;

— Сауда-саттық (аукциондарды, конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жерлерді беру жайындағы шешім шығару бойынша – 3577 қызмет.

«Іздестіру жұмыстарын өткізу үшін рұқсат беру» және «Жол сервисінің нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерді беру бойынша шешім шығару» қызметтері бойынша Басқармаға жер құқық қатынастары субъектілерінен өтініштер жіберілмеген.

«Мемлекет меншігі болып табылатын сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) орналасқан жер учаскелерді иелену» және «Кірме жолды тағайындайтын жол сервисінің нысандарын жол бойындағы жолақтарға немесе олардын сыртына орналастыру үшін жер учаскелерді беру жайында шешім шығару» мемлекеттік қызметтері 2015 жылғы 31 желтоқсандағы, № 1189 «2013 жылғы 18 қыркүйек №983 «Мемлекеттік қызметтер тізілімін қабылдау» ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу»ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген.

Сол себептен, 2015 жылда бұл қызметтер бойынша есептеме жүргізілмеген.