«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет паспорты

1 Қызметтің аты Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
2 Қызмет беруші (қызмет беретін орган) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру
3 Қызмет алушы (қызмет тұтынушы) Жеке және заңды тұлғалар
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде
5 Жұмыс кестесі Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және  жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

6 Тиісті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген   кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)  қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

7 Қызмет бағасы және төлем тәртібі Тегін
8 Қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін, бұл мерзімге жерге орналыстыру жобасының құрастыру мерзімі кірмейді;
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қатыстырудан көрсетілген қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша бас тартады;

2)  құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3)  қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

9 Қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе 10 тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
10 Нормативті-құқықтық актілер    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №4/566 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

11 Шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына беріледі;шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Жоғарғы тұрған мемлекеттік органының (жоғарғы тұрған лауазымды адамның) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші не жоғары тұрған мемлекеттік орган өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1)  жеке тұлға үшін – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы;

2)  заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.