«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттік қызмет паспорты

1 Қызметтің аты Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
2 Қызмет беруші (қызмет беретін орган) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру
3 Қызмет алушы (қызмет тұтынушы) Жеке және заңды тұлғалар
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Қағаз түрінде.

 

5 Жұмыс кестесі Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

6 Тиісті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін  қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға қажетті құжаттардың тізбесі:

1)  осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;

7 Қызмет бағасы және төлем тәртібі Тегін
8 Қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
9 Қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.
10 Нормативті-құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұрығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты.

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №3/477 «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

11 Шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымда:

1)  жеке тұлға үшін – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы;

2) заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.