Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы

№ 4/476 қаулысымен бекітілді

 

 

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
    сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155.

2

  1. Басқарманың толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление земельных отношений города Алматы».

  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

        

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласындағы жер ресурстарын тиімді пайдалануға қалыпты жағдай жасау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және жер қатынастарын реттеу болып белгіленген.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мынадай болып белгіленген:

1) Алматы қаласының жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыру;

2) жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуінің сапасын көтеру және жетілдіру;

3) жергілікті және орталық атқарушы органдармен, сондай-ақ жер қатынастары мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабының 2   тармағына, Қазақстан   Республикасының   2007   жылғы   12

3

қаңтардағы  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заңының 9 бабына,  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мынадай болып белгіленген:

1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4)  жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

5)  Алматы қаласы жерлерінің балансын жасау;

6) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын әзірлеу;

7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне төлқұжаттар беру;

8) жер учаскесінің сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау;

9) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

10) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

11) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

12) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

13) жерге орналастырудың жүргізілуін ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

14) Алматы қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын, ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды жасауды ұйымдастыру;

15) жердің сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

16) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

17) жер учаскелері меншік иелері және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ, жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

18) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

19) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93 баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар жөніндегі ақпаратты орталық уәкілетті органға беру;

 

 

4

20) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94 бабының 2 тармағының үшінші бөлігіне сәйкес  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және

тоқтатуға өтініш беру;

21) бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Алматы қаласының жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстарды енгізу;

2) жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және орталық уәкілетті органдар әзірлеген заңнамалық және де басқа нормативтік актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша  мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші ретінде іс-әрекет жасау;

4) жер құқықтық қатынастар мәселелері бойынша сот органдарында мемлекеттің (қаланың) мүдделерін білдіру және қорғау.

5) жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан ақпаратты сұрау және алу;

6) жер қатынастары мәселелері бойынша орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

7) қаланың тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық, техникалық және басқа да кеңестер құру, жер қатынастары мәселелері бойынша жұмыс топтарын құру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңнамамен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғау;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне   жүктелген мiндеттер мен  оның функцияларының орындалуы үшін дербес жауап беретін басшы жүзеге асырады.

 

5

 

  1.   «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан  Республикасының заңнамасына

сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

2) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді;

  • сенімхаттар береді;

4) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына қарсы бағытталған шаралар қабылдайды;

5) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7) Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіпте                                                                          «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар  қолданады;

  • өзінің өкілеттіктерінің шеңберінде бұйрықтар шығарады;

9) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, оның бөлімдері туралы ережелерді және «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

10) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі ретінде іс-әрекет жсайды;

11) әкімнің және мәслихаттың шешімдерінің жобалары, әкімдіктің қаулылары бойынша келісімін береді және оларға виза қояды, сондай-ақ оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

6

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда)  және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған

өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған басқа да тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

                                                            

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.