Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 27 қыркүйектегі

3/477  қаулысымен бекітілді

 

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін

пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі – әкімдік).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz   (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкім (бұдан әрі – рұқсат), немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және басып шығарылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көзделген өтінішті және қажетті құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде немесе электрондық сұрауда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті алушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін учаскенің жоспары (сызбасы);

4) іздестіру жұмыстарын жүргізу тапсырмасының көшірмесі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті қабылдайды, тіркейді және өтінішті жер қатынастары бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі – ЖҚБ) жолдайды;

2) өтінішті қарау, ЖҚБ тапсырған құжаттарды тексеру және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – СжҚҚБ) және тиісті уәкілетті органдарға келісімге жолдайды;

3) материалдарды СжҚҚБ қарайды және қорытындыны ЖҚБ-ға береді;

4) ЖҚБ әкімдіктің тиісті қаулысының жобасын дайындайды және әкімдікке жолдайды;

5) әкімдік қаулысын келісу және қабылдау және ЖҚБ-ға жолдау;

6) көрсетілетін қызметті алушыға әкімдік қаулысының көшірмесін беру.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі келесі рәсімді орындауды (әрекетті) бастауға негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркейді және ЖҚБ-ға жолдайды;

2) СжҚҚБ және тиісті уәкілетті органдарға жолдау;

3) қорытындыларды ЖҚБ-ға беру;

4) әкімдік қаулысын әзірлеу;

5) әкімдік қаулысын қабылдау;

6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) Алматы қаласының әкімдігі (көрсетілетін қызметті беруші);

2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган;

3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы өзара рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:

1) әкімдік өтінішті тіркейді және оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖҚБ-ға жібереді;

2) ЖҚБ түскен құжаттардың толықтығын тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде СжҚҚБ-ға және тиісті уәкілетті органдарға жібереді;

3) СжҚҚБ қорытынды дайындайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖҚБ-ға жібереді;

4) ЖҚБ әкімдік қаулысының жобасын дайындайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкімдікке материалдарды жолдайды;

5) әкімдік тиісті қаулыны 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

6) ЖҚБ 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қаулының көшірмесін береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнін құрайды;

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызметті көрсетуші және Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша құжаттардың түпнұсқалылығын салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Корсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған жағдайда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде (немесе оның өкілі нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнін құрайды;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді (алайда қызметті көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда тапсырады).

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі  қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
  2. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек  тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

  1. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес – сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда ЖСН/БСН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;

3) 1 шарт –ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;

4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу),  Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2 шарт –  Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;

7) 4 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту  туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін «электрондық үкімет» шлюзі          (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жіберу;

9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;

10) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету сұрағын қабылдау туралы мәртебесі, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен уақыты көрсетілетін хабарлама жіберіледі.

  1. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.
  2. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасауы реттілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ЭҮП қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.