Алматы қаласы әкімдігінің

       2016 жылғы 27 қыркүйектегі

       № 3/477 қаулысымен бекітілді

 

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz   (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Қағаз жеткізгіште шешім беру туралы қаулыны алуға өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көзделген құжаттарды және 1 қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті немесе электрондық сұрауды және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы (уәкілеттілігін нақтылайтын құжат бойынша заңды тұлғаның, мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариат куәландырған сенімхат немесе уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті алушы өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысанда өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындау ұзақтығы:

1) портал арқылы түскен өтінішті қоса берілген құжаттарымен тіркеу;

2) өтінішті жер қатынастары бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі – ЖҚБ) және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – СжҚҚБ) жолдау;

3) ЖҚБ және СжҚҚБ өтінішті қарайды және тапсырған құжаттарды тексеру, материалдарды қалыптастру;

4) ЖҚБ және СжҚҚБ жер учаскесін сұралған нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау бойынша қорытынды дайындау;

5) материалдарды Алматы қаласы Жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қарау және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немес бас тарту туралы шешім қабылдау;

6) ЖҚБ әкімдіктің тиісті қаулысының жобасын дайындайды;

7) әкімдік қаулысын  қабылдау;

8) әкімдіктің көрсетілетін қызметті алушыға қаулының көшірмесін беруі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі келесі рәсімді орындауды (әрекетті) бастауға негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті тіркеуі;

2) өтінішті СжҚҚБ және ЖҚБ-ға жолдау;

3) СжҚҚБ және ЖҚБ қорытынды беруі;

4) Комиссияның тиісті шешімін енгізу;

5) әкімдіктің қаулысын дайындау;

6) Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын дайындау;

7) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) Алматы қаласының әкімдігі (көрсетілетін қызметті беруші);

2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган;

3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігінің сипаттамасы:

1) әкімдік портал арқылы түскен өтінішті тіркейді және оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖҚБ және СжҚҚБ-ға жібереді;

2) ЖҚБ түскен құжаттардың толықтығын тексереді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде СжҚҚБ және тиісті уәкілетті органға жібереді;

3) СжҚҚБ қорытынды дайындайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖҚБ-ға жібереді;

4) уәкілетті орган жер учаскесін сұралған нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы комиссияға ұсыныс берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындысы хаттамалық шешім түрінде 2 данада жасалады;

5) ЖҚБ 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкімдіктің тиісті қаулысының жобасын дайындайды (құрылыс жүргізілген жағдайда жер-кадастрлық жоспар дайындау мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

6) әкімдік 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы қаулысын қабылдайды;

7) ЖҚБ 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қаулының көшірмесін береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күнін құрайды;

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.

 

  1. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

1) мемлекеттік қызмет Стандартының 1 қосымшасындағы нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

Порталға:

1) мемлекеттік қызмет Стандартының 1 қосымшасындағы нысан бойынша өтініш;

2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша құжаттардың түпнұсқалылығын салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлігін (немесе өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсеткен жағдайда оның қызметкері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация қызметтің нәтижесін бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткеннен кейін өтініш білдірген кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау хаты бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді).

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
  2. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезекке туру (электронды) тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

  1. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес – сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда ЖСН/БСН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;

3) 1 шарт –ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;

4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар жөнсіздіктерге байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу),  Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2 шарт –  Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;

7) 4 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту  туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін «электрондық үкімет» шлюзі          (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жіберу;

9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;

10) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып қалыптастырылады.

  1. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.
  2. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.