Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 27 қыркүйектегі

3/477  қаулысымен бекітілді

 

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұрығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көзделген өтінішті және басқа да қажетті құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтінішті тіркейді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ұсынылған жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу актісінің нақтылығын зерттеу және тексеру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жіберу;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу актісін қарайды және бекітеді, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі келесі рәсімді орындауды (әрекетті) бастауға негіз болып табылады:

1) өтінішті қабылдау туралы талон беру;

2) қызмет көрсетушінің басшысы бұрыштама қояды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін бекіту;

5) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жұмыс күні ішінде жібереді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы түскен құжаттарды заңнамаға сәйкестігін қарайды, материалдарды бекітуге немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жұмыс күні ішінде қол қою үшін жібереді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты орындауының негізділігін  тексереді, бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күні ішінде береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік коорпорацияның қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша құжаттар түпнұсқалылығын салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды мемлекеттік коорпорацияға тапсырған жағдайда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады (немесе ноториаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі).

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, мемлекеттік корпорацияның сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді (алайда қызметті көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда тапсырады).

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің  рұқсат берілген ең ұзақ уақыты  – 15 (он бес) минут;

Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
  2. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек  тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасуы бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы реттілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және ЭҮП қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.