Алматы қаласы әкімдігінің

                     2016 жылғы 27 қыркүйектегі

                     № 3/477  қаулысымен бекітілді

 

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру  жобаларын бекiту»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz   (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекітілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – бұйрық).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұрығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көзделген өтінішті және қажетті құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде немесе электрондық сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс – қимылдар):

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдайды және өтінішті тіркейді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және бұрыштама қояды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінішті заңнамаға сәйкестігін қарайды және түскен құжаттардың тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жібереді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттың орындалуының негізділігін тексереді, бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алушыға береді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсім (іс – қимыл) нәтижесі келесі рәсімді орындауды (әрекетті) бастауға негіз болып табылады:

1) өтінішті қабылдау туралы талон беру және құжаттарды басшыға жіберу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне бұрыштама қояды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесіне қол қою және беру.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдайды және тіркейді. Тіркегеннен кейін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы түскен құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, бекітуге немесе уәжделген бас тарту туралы жауап дайындайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттың орындалуының негізділігін тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы бекітілген жерге орналастыру  жобасын немесе бас тарту туралы жауапты көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір)  жұмыс күні ішінде береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша құжаттардың түпнұсқалылығын салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі;

  1. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады (немесе нотариалдық түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі).

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді (алайда қызметті көрсетуші мемлкеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда тапсырады).

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты  – 15 (он бес) минут.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
  2. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек  тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

  1. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес – сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда ЖСН/БСН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;

3) 1 шарт –ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;

4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу),  Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2 шарт –  Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;

7) 4 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту  туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін «электрондық үкімет» шлюзі          (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жіберу;

9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;

10) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

  1. пПортал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

18.пПорталдың жұмыс кестесі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері), өзара іс-қимыл жасауы реттілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ЭҮП-ні қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістердің анықтамалығында келтірілген.