Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы _________

№ __ бұйрығына

7-қосымша

 

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік қызметті облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап  – 3 (үш) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
    әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;

3) тиісті жергілікті атқарушы органдар құрған жер учаскесіне құқық беру туралы комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілген қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

Қызметті алушыға – қағаз таратқыштағы өтініштің қабылданғанын растаушы құжат топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады.

ХҚКО – көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, ХҚКО қызметкері көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын мәліметтерді құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.

ХҚКО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкіліне) беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚКО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жібереді, одан кейін ХҚКО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшін – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы;

2) заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) ХҚКО-ның  www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_______________________________________

 

басшысы________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

____________________________________

мекенжайы)

 

 

Өтініш

 

____________________________________________________________ мекенжайы                          (жер учаскесінің орналасқан жері)

бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді сұраймын.

 

 

Күні __________                              Өтініш беруші________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе                      заңды тұлғаның не

_______________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________

уәкілетті тұлғаның атауы, қолы

 

 

«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі

 

  1. Акті азамат (ша) ________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

өтінішіне сәйкес ________________________________________________________________

(мақсатын көрсету)

_____________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.

  1. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:__________________________________________
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _________________________________________

________________________________________________________________________________

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: ____________________________________________

________________________________________________________________________________

  1. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер пайдалану құқығы)
Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын  жерлер үшін) Ауданы

гектар, шаршы метр

Жерге төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге Түзету  коэффициенті Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге
Жиыны
  1. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау) құны _______________________________________________________________________ құрайды.

(жазбаша сомасы)

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды  _________________________ ________________________________________________________________________________

(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)

М.О. ______________                                                           ________________________________

(қолы)                                                                                      (басшының Т.А.Ә.)

________________________________________________________________________басшысы

(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)

М.О. ____________________                                     ________________________________      (қолы )                                                                              (басшының Т.А.Ә.)

Күні «____» ____________

 

 

«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің кадастрлық

(бағалау)құнын бекіту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

 

(Тегі, аты, болған кезде әкесінің  аты ( бұдан әрі – Т.А.Ә)  немесе

көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

________________________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы                      15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;

2)_______________________________;

3)….

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 

______________________________                                                                             _______________

(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә.                                                                            (қолы)

 

Орындаушы Т.А.Ә. _________

Телефон _________

Алдым:  Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

 

20__ ж. «___» _________