Жадынама

Құрметті Алматы қаласының жер пайдаланушылары!

Қолданыстағы құжатпен сізге Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9 бабына сәйкес, мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынатыны туралы хабарлаймыз.и

Жер учаскелерін пайдалану төлемақысының бюджет кірісіне төлеу және есептеуінің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, жер учаскелерін пайдалану үшін төлемақы төлеушілері (бұдан әрі – жалдау ақысы) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар болып саналады.

Жылдық төлемақы сомалары жер қатынастары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары құрған есептеулерде белгіленеді, ал арнайы экономикалық зоналардың аумақтарында – жергілікті атқарушы органдарымен немесе арнайы экономикалық зоналардың әкімшілігімен белгіленеді.

Жеке кәсіпкер емес заңды тұлғалар төлемақы сомасын есептік салық кезеңінің 25 ақпанынан кеш емес төлейді.

Жер учаскесін белгіленген мерзімнен соң алған жағдайда, төлемақы төлеу жер учаскесін уақытша өтеулі жерді пайдалануға берілген айдың келесі айының 25 күнінен кеш емес іске асырылады.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бюджетке төлемақының ағымдағы сомаларын тең үлестермен осы жылдың 25 ақпаны, 25 мамыры, 25 тамызы және 25 қарашасынан кеш емес төлейді.

Мемлекет жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдалануға жоғарыда аталған төлемақы төлеу мерзімінен соң берген жағдайда, төлемақының бюджетке кіргізілетін бірінші мерзімі келесі төлеу мерзімі болып саналады.

Жеке кәсіпкер емес заңды тұлғалардан және де жеке тұрғын-үй үшін берілген, сондай-ақ салық салу объектілері орналасқан және олардын меншік салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406 бабына сәйкес есептелетін жер учаскелері бойынша жеке кәсіпкерлерден басқа, төлемақы төлеушілері жер учаскелерінің орналасқан жерлері бойынша салық органдарына ағымдағы төлем сомаларының есептеулерін береді.

Ағымдағы төлем сомаларының есептеуін төлемақы төлеушілері есептік салық кезеңінің 20 ақпанынан кеш емес береді.

Көңіл бұрыңыздар!

Жер учаскесін жалдау бойынша құрылған шарттың талаптарына сәйкес, белгіленген мерзім ішінде жалдау төлемақысы төленбеген болса, «Жалға алушы» өткен есептік мерзімінің жалдау төлемақысының сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сәйкес, мерзімнің әрбір өткен күні үшін тұрақсыздық айыбын төлейді.

Салық кодексінің 610 бабына сәйкес өсімпұл (пеня) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.

Басқарма берген жалдау ақысының есептеуіне сәйкес төлемді төлеген соң, тұрақсыздық айыбының есептеуін алу үшін сізге аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгінуіңізге болады, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы (Жеке тұрғын-үй құрылысы бойынша – 6 қабат, 603 кабинет, басқа сұрақтар бойынша 5 қабат, 519 және 520 кабинеттер).

Және де kgd.gov.kz сайтында өзіңізге жеке есептеуді жүргізуге болатындығын хабарлаймыз.

Жер учаскелері үшін төленетін жылдық жалдау төлемақысы және өз уақытында төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын (жаңа мерзімге шарт құру) ұзарту мәселесінің қаралуы және жалға берілген жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру үшін қажет, себебі Жер кодексінің 37 бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

 

«Алматы қаласы Жер

қатынастары басқармасы» КММ