Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасында терроризмнің қауіптеріне арналған семинар өтті

Бүгін, 2017 жылдың 20 шілде күні Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасында терроризмге қатысты проблемалар мен терроризмнің қауіптеріне арналған семинар өтті. Дүниежүзілік терроризм және Қазақстанда болған соңғы лаңкестік әрекеттердің өзгешеліктеріне қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, лаңкестердің мінез-құлық үлгілері мен терроризмнің алдын-алу жолдары қарастырылған. Лаңкестік әрекеттерді болдырмауға қатысты азаматтық және әлеуметтік бастамалары жайлы мәселелер талқыланды. Семинарды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкері өткізді.