Құрметті Алматы қаласыныңжер учаскелерін жалға алушылары!

Құрметті Алматы қаласыныңжер учаскелерін жалға алушылары!

 

Жер қатынастары басқармасы жер учаскесін жалға беру туралы шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға, мерзімі аяқталған жағдайда қайта жасасу керектігін ескертеді.

МЖК ААЖ ақпаратты талдау барысында Алматы қаласында жалға беру мерзімі аяқталған жер пайдаланушылар бар екендігі, олардың кейбіреулері жер учаскелерін пайдалануды жалғастырып жүргендігі анықталды.

Бұл жағдай тұрғын үйлер және гараждарды, сонымен қатар гараж коопреативтерін пайдалану мен қызмет көрсетуге берілген жер учаскелері бойынша туындап отыр.

Уақытша жер пайдаланушылар – бұл жерді пайдалану құқығы белгілі бір уақыт мерзімімен шектелген тұлғалар екендігін айта кету керек.

Сондай-ақ, Жер кодексінің (ары қарай –Кодекс)37-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе жалға беру шартында өзгеше белгіленбесе, өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, Кодекстің 43 бабында көрсетілген тәртіпте, егер жер учаскесінің шекаралары өзгеріссіз болса, жаңа мерзімге шарт жасасуға құқылы.

Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниеті туралы жалға берушіні шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.

Сонымен бірге, Азаматтық кодекстің 386-бабына сәйкес, егер заңдарда немесе шарттың қолданылу мерзімі көзделсе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады, және Кодекстің 81-бабына сәйкес, жер пайдалану құқығы учаске берілген мерзімінің өтуі негізі бойынша тоқтатылады.

Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бап, 2- тармағына сәйкес, жеке-дара қолданылатын құқықтық акт оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды осы құқықтық акт өздеріне арналған тұлғалар орындаған кезден бастапқолданылуын тоқтатады.

Осылайша, құқық белгілейтін құжаттарынсыз, жалға беру мерзімі аяқталған жер учаскесін иемдену жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейді(Кодекстің 43-бап, 10-тармағы). 

Сондықтан, жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесін пайдаланатын тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылады.

Мәселен, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 136-бабына сәйкес, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтармау, жеке тұлғаларға 75 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпорындар немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне 100 АЕК көлемінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК көлемінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Осыған орай, Басқарма жалға беру мерзімі аяқталған барлық жер пайдаланушыларға, бір ай мерзімінде Алматы қаласы әкімдігіне жаңа мерзімге шарт жасасу туралы өтініш беру қажет екендігін ескертеді.

Олай болмаған жағдайда, материалдар Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына заңда көзделген шараларды қабылдау үшін жіберіледі.