Конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
  Min max

D-O-4

195 895 255 514

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ, 050026, Алматы қаласы, Төле би к-сі, 155, анықтама үшін факс/телефондар: 378-46-85, 378-46-47,       e-mail: : uzoalmaty@almaty.gov.kz,  almaty.uzo.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы  конкурс жариялайды:

  1. Жалгерлік қатынастары және аукцион бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жерді уақытша пайдалану құқығын жалға беру мерзімінің өтіп кетуімен байланысты тоқтату, сондай-ақ, ондағы шарттардың орындалмауы бойынша ұсыныс енгізіп іс-шара жүргізу. Жер учаскесін жалға беру және жерді уақытша өтеусіз пайдалану келісім-шартын әзірлеу және келісілген шарттардың (жерді пайдалану мерзімі, мақсатты түрде пайдалану және т.б.) орындалуын бақылау. Жерді уақытша пайдалану құқығын тоқтату және уақытында мемлекеттік жер учаскелері қорына қайтару. Материалдарды заң бөліміне, жер инспекциясына тапсыру және қабылданған іс-шараларды бақылау. Жер сауда-саттығын жүргізуді (конкурс, аукцион) ұйымдастыру бойынша ұсыныс әзірлеу. Сауда-саттық қорытындылары бойынша (конкурс, аукцион) жер учаскелерін сатып алу-сату келісім-шартын жасасу. Жер учаскелерін жеке меншікке беру үшін сатып алу-сату келісім-шарттарын дайындап жасасу, келісілген шарттар бойынша туындайтын сауалдарды қарастыру. Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту бойынша мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылау. Келісілген шарттардың орындалуы бойынша бақылау іс-шарасын жүргізу. Жергілікті орындаушы органы шешімінің негізінде өзгертілген мақсатты тағайындама үшін, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы уақытында төлеу бойынша іс-шараны жүргізу. Жер қатынасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Азаматтардан келіп түсетін өтініштер, арыздардың, сондай-ақ, қызметтік хаттардың уақытында орындау. Бөлім басшысы болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттерін орындайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар. Жоғары  қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.”Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ-ге (Алматы қаласы, Төле би 155, 5-қабат, 505 бөлме) тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген жағдайда олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының almaty.uzo.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қатысушылары мен кандидаттары “Б” корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттарықұқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге;

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

 

 

 

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

_______________________ бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға  конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс  телефоны_______________________________________________

________________________________________________________________________________

________                                          ____________________________________

(қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

“___”_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата