Жер комиссиясы отырысының онлайн транслациясының ашылуы

Алматы қаласы әкімдігінің жұмысында және уәкілетті органдардың жер учаскелерін беру, нысаналы мақсатын өзгерту мәселелерін қарауы барысында ашықтық пен айқындылықты сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысына заманауи электронды-цифрлық байланыс құралдарын енгізу мақсатында әкімдік ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап әкімдіктің https://www.almaty.gov.kz/page.php?page_id=5539&lang=3 (апта сайын өткізіледі) интернет-ресурсында Жер комиссиясының отырысын онлайн трансляция арқылы аудио, бейнежазба жүргізуді ұйымдастырды.

Онлайн трансляция 2003 жылғы 20 маусымдағы Қ азақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағының негізінде дайындалған Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады, онда жер комиссиясы отырысының барысын тіркейтін аудио-, бейнежазба құралдарын қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау тәртібі белгіленген.