Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласы Әкімінің тапсырмасы бойынша Бүгін “Open Almaty” қоғамдық қабылдау базасында Жер қатынастары басқармасының ашық есік күні өткізілді.
Тыңдау барысында азаматтардың өзекті мәселелері қаралды (учаскелік жерлердің заңдастырылуы,жалға берілу мерзімдердің ұзартылуы, қойылған мақсаттардың өзгерулері, т.б.). Әрбір өтініш берген азаматтарға кеңестік көмек берілді және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қосымша ақпарат қажет болған сұрақтар бойынша қысқа мерзімде жұмыстар атқарылады.