Құрметті өтініш иелері!!!

Құрметті өтініш иелері!!!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді.

Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы байланыссыз жұмыс режиміне көшті.

1 нұсқаулық, байланыссыз жұмыс режимі барысында келесі құжаттар бойынша жұмыс алгоритмі:

1) Басқарма Сізге «Қазпошта» АҚ арқылы Алматы қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын (түпнұсқа, 2 дана), жер учаскесін жалға алу шартын немесе сатып алу-сату шартын жасау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті (1 дана, қол қойылмаған), жадынаманы жолдайды.

2) Сіз жер учаскесін жалға алу шартын немесе сатып алу-сату шартын жасау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті толтырасыз, қол қоясыз және сканерлейсіз.

3) Сіз шартқа қол қоясыз, кейіннен қол қойылған шартты сканерлейсіз және өтінішпен бірге (2 т.) Басқарманың almatyuzo@bk.ru электронды поштасына жолдайсыз.

4) Басқарма өз тарапынан шартқа қол қояды, тіркеу нөмірін береді және «Қазпошта» АҚ арқылы Сіздің нұсқаңызды пошталық мекенжайыңызға жолдайды.

 

2 нұсқаулық, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын алған және жер учаскесін жалға алу шартын немесе сатып алу-сату шартын жасау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген тұлғалармен жұмыс істеу алгоритмі:

1) Басқарма Сізге «Қазпошта»  АҚ арқылы жер учаскесін жалға алу шартын немесе сатып алу-сату шартын (1 дана, қол қойылмаған), жадынаманы жолдайды.

2) Сіз шартқа қол қоясыз, кейіннен қол қойылған шарты сканерлейсіз және Басқарманың almatyuzo@bk.ru электронды поштасына жолдайсыз.

3) Басқарма өз тарапынан шартқа қол қояды, тіркеу нөмірін береді және «Қазпошта» АҚ арқылы Сіздің нұсқаңызды пошталық мекенжайыңызға жолдайды.

Ескерту: жедел түрде әрекет ету мақсатында өтініште нақты байланыс мәліметтерін көрсетулеріңізді сұраймыз.

Анықтама телефондары:

229 21 66 – Алматы қаласы әкімдігінің қабылданған қаулыларына қатысты мәселелер бойынша (Жер комиссиясының материалдарын дайындау және оның шешімдерін орындау бөлімі);

229 21 75 – жер учаскесін жалға алу шартын немесе сатып алу-сату шартын жасасу, жасалған сатып алу-сату шарттары бойынша төлемдер мәселелері бойынша (Жалгерлік қатынастар және аукцион бөлімі).