Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымына жалпы конкурс жарияланды

 Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымына жалпы конкурс жарияланды

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Лауазымдық жалақысы

163166 – 220682

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Құқықтану ,

Халықаралық құқық ,

Экономика ,

Менеджмент ,

Есеп және аудит ,

Мемлекеттік және жергілікті басқару ,

Геодезия және картография ,

Жерге орналастыру ,

Кадастр ,

Бағалау ,

Финансы

Қосымша талаптар

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3)  тармақшасында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

Функционалды мәселелер

Басқарманың материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілу мәселесін, жерге орналастыру бөлімі, қаржы жұмыстары бөлімі және жерлерді алып қою және резервке қалдыру  бөлімінің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылыққа алу. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылау. Мақсатты қолданылу жіктеуіші қарастырылған, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, Басқарманың стратегиялық жоспарын, Алматы қаласының жерін оңтайлы түрде қолдану бағдарламасы, жобалары және сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру, жер учаскелерін меншіктенуші және жерді пайдаланушыларды, сондай-ақ, басқа жер қатынасы субъектілерін есепке алуды жүргізу мәселесі, жер учаскелері бойынша қағаз және электрондық тасымалдағышта ақпараттық қалалық мәліметтер жинағы базасын құруға үлесін қосу, көпшілік сервитуттерді бекіту және жою, ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерді бір жерден екінші жерге көшіру жөнінде ұсыныс дайындау. Уақытында Алматы қаласының жерлері бойынша жыл сайынғы балансты құру және орталық уәкілетті органға тапсыру. Жерді пайдалану және сақтау мәселесіне қатысты жобалар мен сызбалар бойынша сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігімен жылжымайтын мүлікке деген құқығын тіркеу органдарымен өзара қарым-қатынас жасау. Белгіленген түрде қоныстандыру және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен, басылымды және электрондық БАҚ-тармен қарым-қатынас жүргізеді. Алматы қаласы Әкімінің және Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының сайтына орналастырылатын ақпараттардың жаңарып отыруына және іс жүргізу қызметіне бақылау жүргізеді. Басқармаға бөлінген қаражат көздерінің уақытында, толығымен және мақсатты көзделген түрде пайдаланылуын (игерілуін), сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу ісінің уақытында әрі сапалы түрде жүргізілуін бақылау. Жерді резервке қалдыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы  үшін мәжбүрлі түрде алып қою бойынша ұсыныс дайындау, иесіз жер учаскелерін есепке алу. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін немесе бөлінбейтіндігін анықтау.

Жарияланған күні: 15.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі

18.05.202026.05.2020

Қажетті құжаттар

Құжаттарды жіберу

Байланыс үшін E-mail

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

Анықтама алу үшін байланыс

262-16-09

Яндекс.Метрика