Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының 2016 жылында атқарылған жұмыстар және 2017 жылға қойылған негізгі мақсаттар бойынша есептеме
Қала аумағы 68,3 мың гектарға тең және 5 түрлі жер категориясынан тұрады, олар:
— елді мекен жерлері — 30,1 мың гектар немесе 44%;
— өнеркәсіп және көлік жерлері – 5,7 мың гектар немесе 8,4%;
— ауыл шаруашылығы жерлері – 9,1 мың гектар немесе 13,3%, олардын ішінде:
— Шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылығының өндірісіне арналған 5,4 мың гектар немесе қала аумағының 8%;
— Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары, тарихи-мәдени және сауықтыру аймақтары — 21,8 мың гектар немесе 31,9%;
— Су қорының жерлері — 0,6 мың гектар немесе 0,9%;
— Босалқы жерлер — 1,0 мың гектар немесе 1,5 %.
ҚР Жер кодексінің 2 п. 14-1 беті бойынша, Басқарма өз жауапкершілігі аралығында Әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі болып, жер қатынастары айналасында 20 атқарымды орындайды.
Жер ресурстарын тиімді және нәтижелі қолдану үшін, 2016 жылдын аралығында, ҚР Жер кодексі белгілеген өз жауапкершілігіне қатысты келесі жұмыстар атқарылған:
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жайлы
Мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша, Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы 2016 жылда халыққа 23 229 мемлекеттік қызмет көрсеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есе немесе 66%-ға көп (2015 жылда 14 811 қызмет көрсетілген).
Сондай-ақ:
— Жерге орналастыру жобаларын қабылдау бойынша 16 879 қызмет, 2015 жылда — 11 840;
— Учаскелердің кадастрлық бағаларын қабылдау бойынша 1 228 қызмет, 2015 жылда — 1 027;
— Учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша, 1 488 қызмет, 2015 жылда 1 944;
— Мемлекеттік меншігі болып табылатын сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) орналасқан жер учаскелердің иелену бойынша 57 қызмет;
— Сауда-саттық (аукциондарды, конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жерлерді беру жайындағы шешім шығару бойынша – 3 577 қызмет.
«Іздестіру жұмыстарын өткізу үшін рұқсат беру» және «Жол сервисінің нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерді беру бойынша шешім шығару» қызметтері бойынша Басқармаға жер құқық қатынастары субъектілерінен өтініштер жіберілмеген.
«Мемлекет меншігі болып табылатын сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) орналасқан жер учаскелерді иелену» және «Кірме жолды тағайындайтын жол сервисінің нысандарын жол бойындағы жолақтарға немесе олардын сыртына орналастыру үшін жер учаскелерді беру жайында шешім шығару» мемлекеттік қызметтері 2015 жылғы 31 желтоқсандағы, № 1189 «2013 жылғы 18 қыркүйек №983 «Мемлекеттік қызметтер тізілімін қабылдау» ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу» ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген.
Сол себептен, 2015 жылда бұл қызметтер бойынша есептеме жүргізілмеген.
Жер комиссиясының жұмысы бойынша
Есепті кезеңнің аралығында Жер комиссиясының 46 отырысы өткізілген. Оның ішінде жер учаскелерді беру жайында жеке және заң тұлғаларының 7 697 арыздары қарастырылған. Олардын 3 389 (44,0%) қабылданған, қалған 4 308 (56,0%) Жер заңнамасының ережелеріне сәйкес, бас тартқандықтың себебін көрсетіп, қабылданмаған.
Сонымен қатар әкімдіктің 2 487 қаулысы, оның ішінде иелену, жеке меншікке сатып алу, арналу мақсатын өзгерту бойынша 2 306 қаулы қабылданған және беруден бас тарту, өзгертулер енгізу немесе пайдалану құқығын тоқтату бойынша 181 қаулы қабылданған.
2015 жылдың сәйкес кезеңінде Жер комиссиясының отырыстарында жеке және заң тұлғаларының 7 601 арыздары қарастырылған, оның 4 797 (63,2%) қабылданған, қалған 2 804 (36,8%) қабылданмаған.
Бюджет түсімдері жайлы
Алматы қаласы әкімдігінің қаулы бойынша, учаскелердің сатуынан және жалға беру құқығынан қала бюджетіне түскен түсімдер үшін бақылау күшейген. Қарыздарды төлету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Әкімдіктің атынан Басқарма 3 495 шарт құрған, олардын ішінде:
— Жер учаскелерді сатып-алу бойынша 142 шарт;
— Уақытша қолдану (жалға алу) бойынша 3 261 шарт;
— Жер учаскелерді жалға беру құқығын сатып-алу бойынша 92 шарт.
2016 жылы қала бюджетіне түскен қаражаттың саны 2,6 миллиард теңгеге жетті
Жер сату және жалға беру құқығын сатудан, бюджетке түскен қаражаттың мөлшері, қала ішінде жер берілмеуіне себепті. Заң ережелеріне сәйкес, жер беру сауда-саттықта (аукцион, конкурс) ғана жүзеге асырылады, алайда қала ішінде бос аумақтардын болмағаны, сауда-саттықтардын өткізуіне жол бермейді. Жалға беру шарттарының бақылауынан және жер тұтынушылардын үнемі ескертуінен, жер учаскелерді қолдану төлемдерінің арқасында түсімдер осы жылы 74 миллион теңгеге өсті.
Әкімдік қаулысының белгіленген мерзім ішінде шарт құру шарттары орындалмағандықтан, жер беру және жер учаскелердің арналу мақсатын өзгерту жайында 55 қаулының күші жойылған.
Шартта белгіленген мерзім ішінде төлем болмағандықтан, сот органдарына 11 сатып-алу шарттарының бұзылуы бойынша талап арыздар жіберілген.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді алу
Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ететін және маңызды қоғамдық мақсаттарға жеткізетін, мемлекеттік және аймақтық программалар қарастырған нысандарды салу үшін, осы жылы 19,9 гектар жер алынған. Бұл жұмыстардын орындалуы үшін бюджеттен 933 миллион 492 мың теңге бөлінген.
Алматы қаласы даму бағдарламасының орындалуы үшін мемлекеттік мұқтаждықтарға қажет учаскелерді иеліктен шығару бойынша келесі жұмыстар жүргізілген:
— көлік инфрақұрылымының нысандары үшін 139,2 миллион теңгеге 4 жер учаскелер сатып алынған (Метро салу үшін 55,1 миллион теңгеге 2 учаске сатып алынған, 26 учаске бойынша сот шешімдері бар, тек республикалық бюджеттен қаражат қажет, қалған 18 учаске бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр; Момышұлы көшесін тесіп өту үшін 81,2 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған; ШАЖ (Шығыс айналма жолы) салу үшін 2,9 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған; Хмельницкий көшесін тесіп өту үшін иеліктен шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр);
— білім беру және денсаулық сақтау нысандары үшін 133,1 миллион теңгеге 6 жер учаске сатып алынған (2015 жылы Трудовик ықшамауданында орта мектеп салу үшін 148,2 миллион теңгеге 7 учаске, 2016 жылы 133,1 миллион теңгеге 6 учаске сатып алынған, қалған 4 учаске бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, Айбасов көшесінде емхана салу үшін жергілікті бюджеттен 25,6 миллион теңге шығарылып, 1 учаске иеліктенуден шығарылып жатыр);
— энергетика нысандары үшін Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықш. су тоғаны мен қазандық үшін 264,6 миллион теңгеге 2 жер учаске сатып алынған (Тау Жолы ықшамауданында тұңдырғыш пен су өндеу станциясын салу үшін 1 учаске иеліктен шығарылып жатыр, ол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр; Қарғалы ықш. су тазартатын құрылыс үшін 2 учаске иеліктен шығарылып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр; Шұғыла ықш. «Ақсай» су тоғаны үшін 1 учаске иеліктен шығарылып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр);
— қоғамдық маңызы бар нысандар үшін (Батыс автобекет пен Қайрат ықшамауданындағы Арнайы ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) үшін 396,3 миллион теңгеге 6 учаске сатып алынған (оған қоса Арнайы ХҚКО үшін 25,0 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған, оның алдында 2015 жылы 14,5 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған, қалған 3 бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр; автобекет үшін 371,3 миллион теңгеге 5 учаске сатып алынған, 2015 жылы 1,7 миллиард теңгеге 69 учаске сатып алынған, қалған 83 учаске бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр).
Онымен қатар 2017-2018 жылдар аралығында мемлекеттік мұқтаждықтар үшін көлік жол айрықтарын, энергетика мен қоғамдық маңызы бар нысандарын салу үшін 3,5 миллиард теңгеге жалпы 16 нысан иеліктен шығарылады:
— Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығы үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін.
— Рысқұлов даңғылы мен Құлжа жол даңғылының қиылысындағы жол айрығы үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін.
— Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрық үшін қазіргі уақытта бұл жобаның координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;
— Темір жолдарынан өтетін эстакадамен Фурманов көшесін Жансүгіров көшесіне дейін тесіп өту үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін.
— «Восточный» автобекетін салу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Жандосов көшесін, Саин көшесінен бастап, Таусамал ықшамауданына дейін күрделу жөндеу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— БРТ бағытындағы Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көше-жол желісін жөндеу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Рахат ықш.сорғы және канализациялық станцияларын пайдалану және күту үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Көлсай ықш. канализациялар мен магистралды су өндеу желілерін салу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Сұлусай ықш. магистралды су өндеу желілерін және төтел бұрғылау канализацияларын салу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Дархан ықшамауданындағы білім беру нысаның салу және пайдалану үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін.
— Рахат-Мәдениет ықшамауданындағы мектеп салу үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;
— Ерменсай ықш. амбулатория салу үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;
— Первомайка ықш. амбулатория салу үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;
— Алматы-Бішкек жолы кеңейту үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Басқарма қатысуымен сот процестері жайлы
Жоғары айтылған жұмыстармен қатар, Басқарма әкімдіктің мүдделерін жер құқық қатынастарына байланысты барлық сот сатыларында қорғайды.
2016 жылдың ішінде Басқарма қатысуымен, жауапкер ретінде, үшінші жақ ретінде, мемлекеттік органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша даулар, меншік және еншіге қатысты жеке және заңды тұлғалардын даулары бойынша, ж.т.б. қалалық соттар жалпы 540 азаматтық іс қарастырды.
Олардын 206 (38,1%) талаптары қабылданмаған, 148 (27,4%) қараудан қалған, 87 (16,1%) қабылданған, 99 (18,4%) қаралуда.
2015 жылмен салыстырғанда, қалалық соттар тек 203 азаматтық істерді қарап шыққан. Басқарма бұл жағдайда да әкімдіктің мүддесін жауапкер ретінде, үшінші жақ ретінде және әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану бойынша, жеке және заңды тұлғалар дауларында қорғаған.
Басқарманың құжат айналымы жайлы
Есепті кезең ішінде Басқарманың жалпы құжат айналымы 23 585 дана құрған. Олардын 14 334 азаматтық тұлғалардын жолданымдары, 1 909 заңды тұлғалардын жолданымдары, қалған 9 231 қала әкімдігі немесе басқа да мемлекеттік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден (сауалдар, ақпарат, нормативтік-құқықтық акт жобалары, ж.т.б.) келетін өзге корреспонденциялар.
Бақылау нәтижесі бойынша, әкімдікке шағынданған жеке және заңды тұлғалардын жолданымдарының 65% Жер қатынастары басқармасына қарауға келіп түседі.
ЖТҮҚ (Жеке тұрғын-үй құрылысы) үшін учаскелерді беру жайлы
Осы жылы учаскелерді ЖТҮҚ үшін беру бойынша тұрғындардан 50 540 арыз келген. Олардын басты бөлігі маусым-шілде айларында келген.
Бұл мақсаттарға арналған жер учаскелер жоқ болғандықтан, кезекшілік жүргізілмейді, сол себептен Комиссия қорытындысымен барлық арыздар қабылданмаған.
Бұл арыздардын қаралуы, бір уақыттың ішінде келуіне байланысты болғандықтан, әр арыз берушіге хабарландыру және әкімдіктің қабылданмағаны жайлы қаулысының көшірмелері бар жауап берілген.
Халық пен қоғаммен кездесу жайында
Жер заңнамасының жеке нормаларын түсіндіру мақсатымен, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттарының қатысуымен Басқарма 40 шақты шараның ұйымдастыруына қатысты. Бұл шаралар өткізуінің үстінде 52 000 астам адам қатысып, аудиторияның бүкіл сұрақтарына жауап берілген.
Онымен қатар, 14 мамырдан бастап, қоғамдық пікірді талдау үшін Басқармада бірыңғай нөмірі бар қалалық Call-центр құрылған. Call-центрдің жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-дан кешкі сағат 18.00-ға дейін. Әр азамат кез келген уақытта жер мәселесіне қатысты ақпарат ала алады.
Жұмыс кезеңі ішінде 1 232 қоңырау түскен, олардын 975 (79,1) ЖТҮҚ беру жайында, 6 жер реформасының сұрақтары бойынша және 251 (20,4%) басқа сұрақтар. Сұрақтар қаралуының кезінде азаматтардын жер реформасы жайлы сауалнама да өткізілген. Олардын 261 (50,9%) қолдау көрсетіп, 251 (49,1%) қарсылық болды.
Онымен қатар, ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы, № 248 және 2016 жылғы 18 тамыздағы, № 308 «Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беру және шетел азаматтарына жалға беру» Жарлықтарымен сәйкес 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін оларға мораторий енгізілгенің ескеріп, әкімдіктің ресми интернет-ресурсында ереже құрастыру процессі аясында қазіргі кезде жүріп жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берілген.
Сол уақытта, осы жылдың 6 желтоқсан күні Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлт жоспары «100 нақты қадамының» 35-36 қадамының іске асырылуы жайында БАҚ-тың қатысуымен Басқарма ұйымдастырған пресс-конференция өтті.
Сол себептен, азаматтар арасында жер реформасы жайлы іздестіру жұмыстары тоқтамай жүргізіледі.
2017 жылға қойылған мақсаттар
Басқарманың 2017 жылдағы басты жұмысы:
— Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджет түсімдерінің атқарылуы, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді иеліктен шығару, жұмыстың заңды атқарылуы, ж.т.б. бекітілген атқарымдар сияқты күнделікті жұмыстарының сапалы және уақытында орындалуына байланысты;
— Азаматтар мен заңды тұлғалардын жер қатынастары жайындағы арыздарды тез уақытта қарау үшін Басқарма электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау және ААЖ (Автоматизацияланған ақпарат желісі) атты бағдарлама арқылы жерлер дерекқорын жасау жұмысына қатысады.
Басшы А.
