Басқарманың ақпарат және кеңес беру орталығында, азаматтар және заң тұлғалар өз арыздарының қаралуы қай сатыда орналасқаны туралы мәліметті күнделікті жаңартылатын компьютерлік дерекқор арқылы ала алады. Онымен қатар, арыз берушілерге керекті құжаттарды толтыру үшін арыз үлгілері мен ескертпелер беріледі.
Азаматтардың шағымдарын қабылдау үшін сенім телефоны жұмыс істейді, оған қоса азаматтардың сенім телефоны арқылы түсетін шағымдар бойынша есеп кітабы жүргізіліп жатыр.
Азаматтар және заңды тұлғалардың арыздары бойынша құжаттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдау «ХҚКО» РМК және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы іске асырылады.
Жер қатынастары саласындағы қабылданған мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес, Басқарма жеке және заңды тұлғаларға 5 түрлі мемлекеттік қызметті көрсетеді, олар:
- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 2016 жылдың 9 айы ішінде – 798 қызмет, қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күн.
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту – 2016 жылдың 9 айы ішінде – 13 667 қызмет, қызмет көрсету мерзімі 7 жұмыс күн.
3. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2016 жылдың 9 айы ішінде – 1 249 қызмет, қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн. - Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру – 2016 жылдың 9 айы ішінде өтініштер болмаған, қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күн.
5. Сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 50 540 (ЖТҮҚ бойынша өтініштермен қоса), ЖТҮҚ бойынша өтініштерсіз – 1510. Қызмет көрсету мерзімі – 30 жұмыс күн, айтылған мерзімге жер жобасын құрастыру уақыты кірмейді.
Халық пен заңды тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, қала әкімдігінің сайтына жер қатынастарын реттеу бойынша түскен сұрақтарға жауаптарды құзыретті және уақытымен беру үшін бақылау жүргізіледі. 2016 жылдың 9 айы ішінде Алматы қаласының тұрғындарынан 156 сұрақ түсті. Сұрақ салулардың негізгі тақырыбында, 50% асатыны – жер учаскелерін беру және жер учаскелеріне құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу жайлы, 20% кіші және орта бизнес нысандары үшін жер учаскелерін беру жайлы, қалған 30% жерді пайдалану ережелерін бұзу жайлы (заңсыз орнатылған автотұрақтар, нысандарды заңсыз құрастыру, жалпы пайдаланудағы жерлерді басып алу ж.т.б.).

