Конкурс туралы хабарландыру

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының

мемлекеттік  қызметшілер арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  Min Max
D -О-3 109 932 148 242

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ, 050026, Алматы қаласы, Төле би к-сі, 155, анықтама үшін телефондар: 378-46-85, факс 378-46-81 e-mail: ,сайт almaty.uzo.kz, барлық мемлекеттік органдарының қызметшілері арасында  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Қаржы жұмысы бөлімінің басшысы, (D-О-3 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Бөлімнің қызметін ұйымдастыру. Басқарманың шотына келіп түскен қаражатты есепке алып бақылау; міндеттеме және төлемдер бойынша қаражаттандыру жоспарына сәйкес, қаражат көзін санау және уақытында тапсырыс беруді қамтамасыз ету; ашық лимит және олардың мақсатқа арналуына сәйкес, қаражаттың тиімді түрде жұмсалуын бақылау; қолданыстағы заңдылық талаптарына сәйкес, бухгалтерлік тұрғыда есепке алуды жүргізу; бухгалтерия құжаттарының сақталуына жеке жауап беру; Басқарма қызметкерлеріне еңбекақы беру; жарналарды мемлекеттік және зейнетақы қорларына санап жіберу; еңбекақы бойынша уақытында есеп дайындап ұсыну; Басқарма аппаратын қамту бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларын әзірлеу; алғашқы құжаттардағы деректер негізінде уақытында қаржылық және статистикалық есептеме құру және оны тиісті мемлекеттік органдарына ұсыну; есептеме жасау және Басқарма аппаратын Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында сақтау, қамту үшін бюджеттік тапсырыс жасау; Басқарма аппаратына негізгі заттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды алу үшін нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне ұсыну мақсатында қажетті құжаттарды әзірлеу; бюджеттік бағдарлама міндеттерін орындау бойынша ұйымдармен жұмыс жасау; бөлім қызметіне қатысты келісім-шарттар бойынша тапсырмалардың орныдалуын бақылау. Алматы қаласының Қаржы басқармасына еңбеақыны төлеу туралы ай сайынғы ақпаратты, сондай-ақ, тоқсан сайын қаржыландыру жоспарын орындау туралы есепті (баланс) ұсыну; бөлімнің құзыретіне жататын сауалдар дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, орныдалу мерзімін қатаң сақтау; азаматтарды қабылдау. Басқарманың материалдық- шаруашылық қызметі жөніндегі мәселелер бойынша жұмыс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары  экономика және бизнес саласында. Келесі құзыреттері болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • нысандағы өтініш (қоса беріліп отыр);
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Басқармаға тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін несе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардыңкәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Алматы қаласы Жер қатынастары  басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Төле би к-сі, 155 үй, 5 қабат, 504 кабинет) өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Басқармаға  құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Басқарманың электрондық почтасы не “Е-gov” электрондық үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________

_________________________________________________________________________

 

 

 

 

________                                                            ____________________________________

(қолы)                                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

“___”_______________ 20 __ ж.