Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының 2017 жылдың I жартыжылдығындағы жұмысы және 2017 жылдың соңына дейін қойылған мақсаттары жөнінде есептемесі

Қала аумағы 68,3 мың гектарға тең және 5 түрлі жер категориясынан тұрады, олар:

– елді мекен жерлері — 30,1 мың гектар немесе 44%;

– өнеркәсіп және көлік жерлері – 5,7 мың гектар немесе 8,4%;

– ауыл шаруашылығы жерлері – 9,1 мың гектар немесе 13,3%;

– Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары, тарихи-мәдени және сауықтыру аймақтары — 21,8 мың гектар немесе 31,9%;

– Су қорының жерлері — 0,6 мың гектар немесе 0,9%;

– Босалқы жерлер — 1,0 мың гектар немесе 1,5 %.

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

Есепті кезеңнің ішінде 12 183 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

Мемлекеттік қызметтің аты 2017 жылдың I жартыжылдығында қызмет көрсетілді:
1. Мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құның бекіту 675
2. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 7600
3. Жер учаскелерінің арналу мақсатын өзгертуге шешім беру 540
4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру 9
5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 3359

 

6. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу 0
7. Жол бойындағы сервис нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерін табыстауы туралы шешім қабылдау 0
Жалпы 12183

 

Жер комиссиясының жұмысы бойынша

2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Алматы қаласы Жер комиссиясының 23 отырысында 4409 материал қаралып, 3141 қанағаттандырылған, 1268-нен бас тартылған.

2017 жылдың 6 айы ішінде әкімдіктің 1394 қаулысы, соның ішінде құқық беру, жеке меншікке сатып алу, арналу мақсатын өзгерту ж.т.б. қаулылары қабылданған, соның ішінде беруден бас тарту, өзгертулер енгізу немесе пайдалану құқығын тоқтату бойынша 63 қаулы қабылданған.

 

Бюджет түсімдері жайлы

2017 жылда Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жер учаскелерінің сатуынан және жалға беру құқығынан қала бюджетіне түскен түсімдер үшін бақылау күшейген және қарыздарды төлету бойынша жұмыстар жүргізілген.

Жалпы 618 965 754 теңге көлемінде қаражат түсті, соның ішінде:

303101 коды бойынша ағымдағы жылдың 6 айы ішінде 80 жер учаскесінің сатуынан түскен қаражаттың саны 82 677 124 теңге құрды.

34 жер учаскесінің арналу мақсатын өзгерту төлемі бойынша 189 658 806 теңге түсті.

Аванс және төлемді бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлемдер бойынша 324 086 485 теңге түсті.

303202 коды бойынша 96 жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша түсімдер сомасы 53 634 529 теңге құрды.

 

Жерлерді мемлекеттік мұқтаждықтар үшін иеліктен шығару туралы

2017 жылда Басқарма мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді иеліктен шығару бойынша келесі нысандарды салу үшін жұмыстарды жүргізіп жатыр:

көлік инфрақұрылымының нысандарын салу үшін 2 025,7 миллион теңгеге 36 жер учаскесі сатып алынған.

1) Метрополитенді салу үшін 441,8 миллион теңгеге 10 учаске сатып алынған және сот шешімі бойынша 1 556,0 миллион теңгеге 26 учаске сатып алынған, қалған 9 учаске сотта;

2) Хмельницкий көшесін тесіп өту үшін 23,7 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған және 1 учаске сот шешімі бойынша төлеп алу сатысында (8,0 миллион теңге көлемінде); қалған 8 учаске сотта, қалған 2 қараусыз қалдырылған;

3) Батыс автовокзалын салу үшін 1 158,5 миллион теңгеге 50 жер учаскесі сатып алынған.

– денсаулық сақтау нысандарын салу үшін 25,6 миллион теңгеге 1 жер учаскесі сатып алынған;

– энергетика нысандарын салу үшін 99,557 миллион теңгеге 3 жер учаскесі сатып алынған; Тау Жолы ықшамауданында тұңдырғыш пен су өндеу станциясын салу үшін 23 миллион 157 мың теңгеге 1 учаске сатып алынған, Қарғалы ықш. су тазартатын құрылыс салу үшін 9,6 миллион теңгеге 1 учаске сатып алынған, екінші жер учаскесі сотта қаралып жатыр; Рахат ықш. канализациялық және сорғы станцияларын пайдалану және қызмет көрсету 66,8 миллион теңгеге 1 жер учаскесі сатып алынған;

Шұғыла ықш. «Ақсай» су тоғаның салу үшін 1 учаске иеліктен шығарылуы тиіс, соттың 7 маусымдағы 269 726,9 теңгеге шешімі шығарылған; онымен қатар Алғабас ықш. № 3 күл үйіндісін салу; Сұлусай ықш. магистралды су құбыры желілерін және ұңғымаларды бұрғылаумен канализацияларды салу; Каменское плато ықш. ұңғымаларды бұрғылаумен су құбыры желілерін салу; Теректі ықш. канализация мен су құбырының тарату желілерін, КСС (канализациялық сорғы станциясы) салу бойынша материалдар жұмыс барысында қаралып жатыр.

Онымен қатар 2017-2018 жылдар аралығында мемлекеттік мұқтаждықтар үшін көлік жол айрықтарын, энергетика мен қоғамдық маңызы бар нысандарын салу үшін 3,5 миллиард теңгеге жалпы 14 нысанды иеліктен шығару жоспарланған:

– Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығы үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін жоспарланған. Республикалық бюджетте аталған қаражаттың сомасы 695,3 миллион теңге құрады. Қазіргі уақытта қаулылар 68 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 7 нысан бойынша қаулы жасасу сатысында, 11 соттың қарауында;

– Рысқұлов даңғылы мен Құлжа даңғыл жолының қиылысындағы жол айрығы үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін жоспарланған. Республикалық бюджетте аталған қаражаттың сомасы 400,0 миллион теңге құрады. Қазіргі уақытта қаулылар 17 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 5 нысан бойынша шарт құрылған.

– Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрығы, қазіргі уақытта жер учаскелерін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаулылар 43 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 3 нысан бойынша шарт құрылған, 3 соттың қарауында;

– Темір жолдарынан өтетін эстакадамен Фурманов көшесін Жансүгіров көшесіне дейін тесіп өту үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қазанына дейін жоспарланған. Республикалық бюджетте аталған қаражаттың сомасы 500,0 миллион теңге құрады. Қазіргі уақытта қаулылар 46 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 4 нысан бойынша шарт құрылған, 7 соттың қарауында;

– «Шығыс» автобекетін салу бойынша жергілікті бюджеттен 765,8 миллион теңге бөлінді, Түрксіб ауданы, Құлжа даңғыл жолынан батысқа қарай, Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай бағытындағы көлік жол айрығын салу мақсатында бұл сома 3 учаскені иеліктен шығару үшін қайта бөлінетін болады. Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде қаулысы қабылданған, келісу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

— Жандосов көшесін, Саин көшесінен бастап, Таусамал ықшамауданына дейін күрделі жөндеу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін жоспарланған. Республикалық бюджетте аталған қаражаттың сомасы 920,1 миллион теңге құрады. Қазіргі уақытта қаулылар 7 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 1 нысан бойынша материалдар соттың қарауында;

— БРТ бағытындағы Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көше-жол желісін жөндеу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта қаулылар 11 жер учаскесі бойынша қабылданған, соның ішінде 1 нысан бойынша төлеп алу шарты құрылған, 5 соттың қарауында;

— Абай даңғылын тесіп өту, иеліктен шығару 2018 жылға жоспарланған:

— Сұлусай ықш. магистралды су өндеу желілерін және ұңғыма бұрғылаумен канализацияларды салу үшін учаскелерді иеліктен шығару 2017 жылдың қыркүйегіне дейін жоспарланған. Сатып алу шарты 04.07.2017 ж. құрылған.

— Рахат-Мәдениет ықшамауданында мектеп салу үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

— Ерменсай ықш. амбулатория салу үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

— Алматы-Бішкек жолын кеңейту үшін бұру аймағының координаттарын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Басқарманың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында келесі нысандардың салуына байланысты, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша тек дайындық жұмыстары жүргізілді:

– Алатау ауданы «Трудовик» ықш. орта мектепті салу;

– Айбасов көшесіндегі № 13 емхананы салу;

– Абай көшесі, Момышұлы көш. қиылысындағы «Метрополитен» құрылыс жобасын жүзеге асыру;

– «Қайрат» ықм., Құлжа даңғыл жолынан батысқа қарай, Рысқұлов даңғ. солтүстікке қарай ауданындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО) салу үшін;

– «Теректі» ықм., Райымбек даңғ. солтүстікке қарай, Әуезов көш. қиылысындағы Батыс автобекетін салу үшін;

– LRT (жеңіл рельсті көлік) автокөлік нысанын салу үшін;

– Таужолы ықш. тұңдырғыш пен су өңдеу станциясын салу үшін;

 

Басқарма қатысуымен сот процестері жайлы

2017 жылдың 6 айы ішінде Басқарманың жауапкер, үшінші жақ ретінде қатысуымен, мемлекеттік органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша дауларға, меншік және еншіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың дауларына байланысты қалалық соттар жалпы 215 азаматтық іс қарады.

 

Басқарманың құжат айналымы жайлы

2017 жылдың 6 айы ішінде Басқарманың жалпы құжат айналымы 12748 дана құрған. Соның ішінде 6674 жеке тұлғалардың өтініштері, 1672 заңды тұлғалардың өтініштері және де қалған 2989 құжатты өзге корреспонденция құрды.

 

2017 жылдың сонына дейін қойылған мақсаттар туралы

Басқарманың 2017 жылдың екінші жартыжылдығындағы негізгі жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:

– Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсетуіне, бюджет түсімдерінің атқарылуына, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді иеліктен шығаруына, жұмыстың заңды атқарылуына, ж.т.б. бекітілген функцияларға байланысты күнделікті жұмыстарды сапалы және өз мерзімінде орындауы;

– Азаматтардың және заңды тұлғалардың жер қатынастары жөніндегі өтініштерінің қаралу мерзімін қысқарту үшін Басқарма электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің автоматтандыруын енгізуге байланысты жұмысқа қатысады;

– Алматы қаласы әкімшілік аудандарының жерлерін кезең-кезеңмен есепке алу жұмыстарын жүргізу. Жерлерді есепке алу нәтижелері бойынша шараларды қабылдау меншік иелерін жерлерді міндетті түрде заңнамаға сәйкес пайдалануға, оларды игеруге және нарық айналымына енгізуге ынталандырады, салық және де бюджетке түсетін басқа да түсімдерді көбейтуге, жерді пайдаланудың және қорғаудың бақылауына қатысты мөлшері айтарлықтай өсетін жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді;

– жерлердің тиімді және ұтымды пайдалануына байланысты мемлекет саясатын жалғастыру.

 

 

Басшы                                                                                           А.

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. В. Яковлев

Тел.